Рубрики
Коронавирус в Казахстане

Коронавирус жайлы не білу керек


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/user80736/data/www/onff.ru/wp-content/plugins/social-semantic-recommendation-sosere/sosere_lib/sosere-controller.php on line 361

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/user80736/data/www/onff.ru/wp-content/plugins/social-semantic-recommendation-sosere/sosere_lib/sosere-controller.php on line 361

Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы коронавирустан сақтану шараларын ұсынады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Подписаться на Телеграмм канал Цифровая фабрика

КОРОНАВИРУС БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ?

Коронавирустың белгілері өткір респираторлық инфекция мен тұмау белгілеріне ұқсас болып келеді. Бірақ көптеген жағдайда бұл кәдімгі респираторлық жұқпаның симптомдары болуы әбден мүмкін. Олар: түшкіру, әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, кеуде қуысының ауыруы, жүрек қағысының жиілеуі, тыныс алудың жиілеуі.

КОРОНАВИРУС ҚАЛАЙ ТАРАЙДЫ?

COVID-19 вирусы екі түрлі жолмен тарайды: жөтелгенде, түшкіргенде, ауру адаммен сөйлескенде ауа арқылы және тұрмыстық заттар арқылы.

КОРОНАВИРУСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

Ең алдымен әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндетті. Көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқан жөн.

Қолды жиі-жиі сабындап жуып, арнайы антисептикалық құралдарды пайдаланыңыз. Үйіңізді (жұмыс орныңызды) таза ұстауға тырысыңыз: жиі сумен жуып, ауаны тазартып отырыңыз.

Түшкіріп, жөтелген кезде мұрныңыз бен аузыңызды бір реттік сулықтармен жабыңыз. Ортақ тұрмыстық құралдарды пайдаланбаңыз.

КОРОНАВИРУС БЕЛГІЛЕРІ НЕШЕ КҮНДЕ БІЛІНУІ МҮМКІН?

Вирус жұққан күннен бастап 14 күннен 28 күнге дейін.

КОРОНАВИРУС ЖҰҚҚАН-ЖҰҚПАҒАНЫН АНЫҚТАЙТЫН АНАЛИЗДЕРДІ ҚАЙ ЖЕРДЕ ТАПСЫРУҒА БОЛАДЫ?

COVID-19 вирусын төмендегі мекенжайлар арқылы тапсыруға болады: ұлттық сараптама орталығы, орталық республикалық зертхана, қалалық клиникалық инфекциялық аурухана.

ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА КОРОНАВИРУСҚА ТЕСТ ТАПСЫРУҒА БОЛАДЫ?

Ең алдымен эпидемиологиялық ахуал қиындаған және вирус таралған елдерден келген азаматтар тапсырады. Сондай-ақ, клиникалық белгілері анықталған әрі коронавирус жұқтырған пациенттермен байланыста болғандар тест тапсырады. Басқа жағдайларда анализ тапсырудың қажеті жоқ.

ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН АДАММЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК?

Вирус жұқтырған адамммен қандай да бір байланыс болған жағдайда 1406 бірыңғай байланыс нөміріне, емханаға немесе жұқпалы аурулар ауруханасына хабарласу қажет.

ӨЗГЕ МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ БАРЫП КЕЛГЕНДЕР НЕ ІСТЕУІ ҚАЖЕТ?

Коронавирус таралған елдерге барып келген азаматтар 1406 нөміріне қоңырау шалып, өзі жайлы мәлімет беруі тиіс. Сонымен қатар, тіркелген емханасына, жұқпалы ауруларды қабылдайтын ауруханаға хабарласуға болады. Әрі қарай не істеу керектігін мамандардың өздері айтады.

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН АДАМНЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК?

ВИРУС жұқтырған адамның отбасы мүшелері міндетті түрде анализ тапсыруы тиіс. Дәрігерлер тест нәтижесіне қарап оны ауруханаға жатқызу немесе сырқат белгілері болмаған жағдайда үй жағдайында карантинге орналастыру жөнінде шешім қабылдайды.

КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ ЕМДЕЙДІ?

Кез-келген ауру сияқты коронавирусты да емдеудің белгіленген тәсілдері бар. Нақтырақ айтқанда, вирусқа қарсы әрекет ететін арнайы препараттар мен жеке гигиена талаптары қолданылады.

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДА ҮЙДЕ ЕМДЕЛУГЕ БОЛА МА?

Ауырған адам үй жағдайында карантинге жабылған жағдайда дәрігердің талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс. Карантинге жабылған азаматтардың ешқайда шығуына болмайды. Гигиена талаптарын сақтап, бетперде киіп, жеке ыдыс-аяқ пайдаланса, қолын сабынмен жуып, зарарсыздандыратын құралдар қолданып, бөлменің ауасын жиі жаңартып отырса – вирусты отбасы мүшелеріне жұқтыру қаупі төмендейді.

КАРАНТИН НЕШЕ КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ?

Карантин 14 күнге созылады. Кейін пациенттер емхана дәрігерлерінің бақылауында болады.

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ҚАНДАЙ ДӘРУМЕНДЕРДІ ІШКЕН ДҰРЫС?

Арнайы дәрумен қабылдаудың қажеті жоқ. Қазір дұрыс тамақтанып, жеміс пен көкөніс жеген дұрыс. Қоғамдық жерлерден тамақтанбай, үйдің тамағын тұтынған жөн.

https://azattyq-ruhy.kz/society/5848-koronavirus-zhaily-ne-bilu-kerek